БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдарда 145 (7 хаттама толтырылды), облыстық және аудандық жолдарда 263 (31 хаттама), ауылішілік жолдарда 335 (39), шаруашылық жолдарда 1 зерттеу жүргізілді.
- Автожолдар мен жол құрылымдарын, сондай-ақ жол қозғалысы ұйымдары техникалық құралдарын тиісті деңгейде ұстамағаны үшін және ұйғарымды орындамағаны үшін 77 лауазымды қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, соның 49-ы – бірінші басшылар. Соның ішінде жолды күтіп ұстамағаны үшін 72 лауазымды қызметкер (44-і – бірінші басшылар) жауапқа тартылды. Сондай-ақ қалған бес бірінші басшы 5 ұйғарымды орындамағаны немесе толық көлемде орындамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 462-бабы 3-бөлігіне сәйкес айыппұл арқалады, - деп хабарлады ведомстводан.
Департамент дерегіне сәйкес өткен жылы екі мыңға жуық зерттеу нәтижесінде 283 лауазымды қызметкер жауапкершілікке тартылса, соның 161-і – бірінші басшылар.
Осы зерттеу нәтижелері бойынша өткен жылы жолдарда бағдаршам (4), жол белгілері (1 953), таңбалар, жарықтандыру жұмыстары жасалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да малын қараусыз жайылымға жіберген мыңға жуық тұрғын жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.