БҚО-да жолдың үстін су басып, көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: freepik.com

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында Орал-Белес-Переметный автожолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қардың күрт еруі салдарынан су мол келіп, жолдың үстіне шығып кеткен.

Қазіргі кезде автокөліктер Орал-Саратов жолы арқылы қатынауда. 

— Жүргізушілерге жолға шыққан кезде аталған ақпаратты ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін еске саламыз. Бұл азаматтар қауіпсіздігі үшін жасалып отыр, — деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда еріген қар суына байланысты тұрғындардан өтініш көбейе түскенін жазған болатынбыз.