«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының өкілдері аталған кәсіпорынға қаңтар айының жұмыс нәтижелері бойынша осындай шара қабылдады.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының директоры міндетін атқарушы Елдар Садықтың айтуынша, өңірде республикалық маңызы бар жолдың ұзындығы 1414 шақырым болса, соның 238 шақырымы күрделі жөнделуде. Ал 1176 шақырым жолға «Қазавтожол» ЖШС БҚО филиалы күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуге тиісті. Осы жолға 78 техника қызмет көрсететін болса, соның ішінде қысқы күтімге 49 техника қарастырылған.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қосымша қажеттілік үшін 9 арнайы техникаға келісімшарт жасалды.
«Биылғы 14 ақпанда облыста ауа райының күрт өзгеріп, бұрқасын көтерілуі салдарынан республикалық жолдарда көктайғақ қалыптасты. Осы дерек үшін мердігер ұйымға ұйғарым берілді, соның негізінде ақпан айының қорытындысы бойынша шаралар қабылданатын болады», деді Елдар Ерсайынұлы.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда боранға байланысты жолдар жабылғанын жазған болатынбыз.