БҚО-да жыныстық зорлық-зомбылыққа барған ер адам тергелуде
17:44, 28 Желтоқсан 2017
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылыққа барған ер адам тергелуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Зеленов ауданы Приурал полиция бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 23 желтоқсан күні Жамбыл ауылында орын алған. Сол ауылдың 33 жасар тұрғыны 2008 жылғы 4-сынып оқушысына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасаған.
Бұл мәліметті БҚО ІІД баспасөз қызметі растады. Қазіргі кезде қамауда отырған күдіктіге қатысты ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігіне (жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.