БҚО-дағы күре жолда тұманға байланысты көліктердің қозғалысына шектеу қойылды
20:21, 29 Қараша 2023
Бұл туралы Kazinform Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап хабарлайды.
«Батыс Қазақстан облысында ауа-райының нашарлауына байланысты сағат 19:45-тен «Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы» 0-115 шақырымындағы күре жолда автокөліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді»,-делінген хабарламада.