«Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы әшкереленді. Ол «Ж» ЖШС директорынан салық тексерудің оң актісін шығарғаны үшін 40 млн теңге пара алды деп күдіктелуде», - делінген хабарламада.
Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Оған қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.