Сенатор Ләззат Рысбекова Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен, денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен және облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті.
Депутат Теректі ауданындағы жұмыс істеп тұрған аудандық емхананың жағдайымен танысты. Ондағы жабдықтар түгелімен 100%-ға тозғаны, ал ғимараттың өзі 50-жылдары салынған және қазір жөндеу мен жаңартуды қажет ететіні туралы хабардар болды. Сенатор медициналық мекеменің жаңа ғимаратын салуға қаражат бөлу мәселесін республикалық деңгейде көтеру жөнінде ниеті бар екенін атап өтті.
«Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жаңа әлеуметтік нысандар құрылысын салу және республикалық бюджеттен нысаналы трансферт түрінде қаржыландыру мәселелерін шешуге жәрдемдесу қажет», - деп атап өтті Ләззат Рысбекова.
Ләззат Рысбекова облыс әкімі Нариман Төреғалиевпен кездесу барысында жергілікті тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатына қатысты мәселелерді шешуге ерекше назар аударды.