ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында болған жол апатынан тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұдан бұрын жазғанымыздай, Қазталов ауданында болған жол апатынан төртінші адам көз жұмған еді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға салдарынан 27 жастағы әйел 30 қараша күні кешкісін көз жұмған. Оның жүрегі тоқтап қалған.
Жарақат алған 17 жастағы жасөспірім облыстық балалар ауруханасында жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).