ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында болған жол апатынан тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұдан бұрын жазғанымыздай, Қазталов ауданында 29 қараша күні «Волга» мен «Лада Гранта» автокөліктері соқтығысып, үш адам қаза тапқан еді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан ауруханаға барар жолда «Волга» көлігінің 69 жастағы жүргізушісі де қайтыс болды. 17 жастағы жасөспірім облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 27 жастағы әйел Қазталов аудандық ауруханасында ес-түссіз күйде, жағдайы ауыр. Оралдан дәрігерлер бригадасы келген соң ота жасау немесе қалаға апару мәселесі шешілетін болады.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі нақтылағанындай, аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).