ОРАЛ. KAZINFORM - Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев қызметінен шеттетілді.
Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.
— Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің 2026 жылғы 3 маусымдағы өкімімен М.Өтешев бағынысты мекемелер қызметіне тиісінше бақылау жасамағаны үшін лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан 1 ай мерзімге уақытша шеттетілді, — делінген ресми мәліметте.
Мадияр Өтешев БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне бұдан екі жыл бұрын тағайындалған болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мадияр Өтешевтің БҚО денсаулық сақтау басқармасын басқаратынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ БҚО-да қалалық медицина ұйымдарында 116 маман жетіспейді.
БҚО-да табылған медициналық қалдықтардың жай-жапсары белгілі болды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).