ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Каюповтың ісі сотқа берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО сотының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, ҚР ҚК 336-бабына (пара алу) сәйкес айыпталған Б.Каюповтың ісін Орал қалалық соты қарайтын болады.
Сот талқысы 25 қаңтарға белгіленді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы пара алу күдігімен ұсталып, екі айға қамауға алынғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).