ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, «Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы мен оның сыбайласына қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын аталған басқарманың басшысы пара алу күдігімен ұсталғанын жазған болатынбыз. Оған сыбайласымен бірге 7,8 млн теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).