БҚО денсаулық сақтау бюджеті 25,6 млрд. теңгеге жетті
БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 1,8 млрд. теңге бөлінді, бұл 2013 жылғыдан 31,6 пайызға көп.
Соңғы төрт жылда 24, соның ішінде ауылдық жерде 16 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Соның ішінде 2014 жылы жеті дәрігерлік амбулатория іске қосылса, Оралда 300 төсектік көпбейінді қалалық аурухана салынуда.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған шаралар нәтижесінде өңірде туберкулез дертінің 4,2, сол аурудан өлім деңгейінің 10,4, қан айналымы жүйесі сырқатынан дүниеден өткендердің 15 пайызға төмендеуіне қол жеткізілді.
Дәрігер кадрлардың жетіспеушілігін шешу жұмыстары жалғасуда, өткен жылы облысқа 64 жас маман келсе, соның 32-сі ауылдарға жіберілді.