БҚО: Диқандарда заңсыз жұмыс істеген 80-ге жуық шетелдік азамат ұсталды

Фото: None
ОРАЛ. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Зеленов ауданында жергілікті фермерлік шаруашылықтарда жұмыс жасаған 80-ге жуық шетелдік азамат ұсталды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Зеленов аудандық соты Қазақстанда болу ережесін бұзған 79 шетелдік азаматқа (дені өзбекстандықтар) қатысты әкімшілік істі қарады. Олар негізінен көкөніс және бау-бақша дақылдарын өсірумен айналысқан.

Сот оларды ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 394-бабы бойынша айыпты деп танып, 1 тәуліктен 10 тәулікке дейін қамауға алу түрінде жаза тағайындады.