Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 11 наурыз күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
Руслан Бектемірұлы Бектемір 1978 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы - информатика пәнінің оқытушысы, компьютрлендіру жөніндегі менеджер, заңгер, қаржы бакалаврі.
Еңбек жолын 1998 жылы Ақтөбе қаласы бойынша салық комитеті заңды тұлғалардың аудит бөлімінің жетекші инспекторы болып бастады.
2002- 2005 жылдары - «Путец-1» ЖШС-інің қаржы директоры.
2005-2006 жылдары ішкі істер органдарында қызмет жасады, полиция лейтенанты.
2006-2010 жылдары - Ақтөбе қаласы бойынша салық инспекциясының бас маманы, бөлім бастығы, салық инспекциясы бастығының орынбасары.
2010-2011 жылдары - «Батыс Қазақстан облысының тұрғындарға қызмет көрсету орталығы» ММ директорының орынбасары.
2011-2012 жылдары - Батыс Қазақстан облысы тексеру комиссиясының мүшесі.