БҚО экономикасына 127 млрд. теңге инвестиция құйылды

None
ОРАЛ. 20 қараша. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда негізгі капиталға қосылған инвестиция көлемі 127 млрд. теңгені құрады.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, инвестицияның басым көпшілігі немесе 69,9 пайызы өнеркәсіпке бағытталып отыр. Сондай-ақ 10,7 пайызы - жылжымайтын мүліктермен жасалатын операцияларға, 5,6 пайызы - көлік және қоймалауға, 3,9 пайызы - білім беруге, 2,4 пайызы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке жұмсалды. Инвестицияның қомақты көлемі  Бөрлі (49,1 млрд.теңге), Зеленов (32,6 млрд. теңге) аудандарына және Орал қаласына (28,9 млрд. теңге) тиесілі.