БҚО-ға ресейлік «Спутник-V» вакцинасының 1000 дозасы әкелінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысына ресейлік «Спутник-V» вакцинасының 1000 дозасы әкелінді. Коронавирустық инфекцияға қарсы екпе егу жұмыстары облыста медицина ұйымдарының 26 екпе кабинетінде жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды ВАК баспасөз қызметі.

Батыс Қазақстан облысы Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев, облыс әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев алғашқылардың бірі болып коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды.