БҚО халқы әскери шеруді тікелей эфирден тамашалады

Фото: Фото: БҚО әкімдігі

ОРАЛ. KAZINFORM — Бүгін Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде өңір тұрғындары Астана қаласында ұйымдастырылған Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеруді тікелей эфир арқылы тамашалады. 

Салтанатты шара көрсетілімін тамашалуға 1200 адам жиналды. Шерудің көрсетілімі алдында жергілікті өнерпаздар — DDRECORDS тобының мүшелері арнайы концерттік бағдарлама ұсынды. Олар көрермендерге патриоттық рухтағы әндер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлауды мақсат етеді.

Фото: БҚО әкімдігі

Бұл бастама — жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскери-патриоттық сана қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

Фото: БҚО әкімдігі
Фото: БҚО әкімдігі

Айта кетейік, Отан қорғаушылар күні — ел Тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген ерлердің ерлігіне тағзым ететін ерекше күн. Шерудің тікелей көрсетілімі — осы мерекенің мәні мен маңызын кеңінен насихаттауға бағытталған.