БҚО ішкі істер департаменті Тәуелсіздік мейрамын атап өтті

ОРАЛ. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - 14 желтоқсан күні БҚО ішкі істер департаментінде Тәуелсіздік мерекесіне орай салтанатты жиын өткізілді.

Департаменттің баспасөз қызметінен Гүлшат Молдағалиеваның хабарлағанындай, департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Рахметов сала қызметкерлерін мейраммен құттықтап, игі тілегін жеткізді. Бұдан кейін шағын футболдан өткен жарыста жүлделі орындарды иеленген командаларға кубоктар табыс етілді. Сондай-ақ 24 адамға «Қазақстан полициясына 20 жыл» медалі тапсырылса, соның 14-і - тыл еңбеккерлері.