БҚО қазақ театрының «Суперкеліні» Жәнібекке бармақ
Театр директоры Құжырғали Төлеуішевтің айтуынша, театр өз сапарын Сырым және Қаратөбе аудандарынан бастады. Театр әртістері әр ауданда екі күннен болып, Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», Ш.Айтматовтың «Ақ кемесін» қойды. Сондай-ақ балаларға арналған ертегілер де ұмыт қалған жоқ. Ауыл тұрғындары елге келіп, өз өнерлерін көрсеткен әртістерге өз ризашылығын білдіруде.
Енді театр 24 қазанда Жәнібек ауданына аттанбақшы. Онда С.Ахмадтың «Суперкеліні» көрермендер назарына ұсынылмақ. Содан кейін сапар Бөкей ордасы ауданында жалғасады. Театрдың аудандарға апаратын қойылымдарының арасында С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншегі» де бар.
Облыстық қазақ драма театрының 20 жылдығы Оралда 12-15 қараша аралығында өтетін Батыс Қазақстан аймағындағы театрлардың форум-фестивалі аясында аталып өтіледі.