ОРАЛ. ҚазАқпарат - Сырым аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігімен, 120-бабы 1-бөлігімен айыпты деп танылған аталған аудан тұрғыны 3 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтейтін болады. Сот талқысында анықталғанындай, ер адам ауылға қонаққа келген әйелге күш қолданып, зорлауға әрекет жасаған. Алайда, оқиға болған үйдің терезесін біреудің қағуынан ғана ол арам ойын іске асыра алмаған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).