БҚО құрамасы кекушинкай-каратэден ел чемпионатында табысты өнер көрсетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алматы қаласында кекушинкай-каратэден қыздар мен әйелдер арасында мәреге жеткен он бірінші ел чемпионатында және ерлерден абсолютті салмақ дәрежесінде кубок сайысында БҚО құрамасы табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардың құрама командалары қатысты. БҚО намысын 15 спортшы қорғады. Чемпионат қорытындысында 14-15 жастағылар арасында Нұргүл Сапарова 50 кг салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тақса, Алина Серік 10-11 жастағылардан 40 кг астам салмақта қола жүлдені иеленді.

Сондай-ақ ерлер арасында абсолютті салмақ дәрежесінде ҚР кубогы сайысында Селенге Исхан үшінші орынға көтерілді. Оларға медаль, кубок, дипломдар табыс етілді.