Бүгінде облыс мектептерінде 210 педагог жетіспейді. Қазақ мектебінде орыс тілі мен әдебиеті, математика, бастауыш сынып, ағылшын тілі мұғалімдеріне және орыс тілінде оқытатын тәрбиешілерге, педагог-психологтарға, логопедтерге, дефектологтарға деген сұраныс басым. Жас мамандар конкурс негізінде іріктеледі.
Бұдан бөлек 2022 жылы білім беру ұйымдарының 70 директорына, оның ішінде 28 мектеп директорына ротация жүргізілді.