БҚО мен Атырауда сауда объектілері әдеттегідей жұмыс істеп тұр – министрлік

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Аталған өңірлерде азық-түліктің бағасы тұрақты. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінен мәлім етілді. 

«Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында азық-түліктің бағасы тұрақты, сауда объектілері әдеттегідей жұмыс істеп тұр. Аймақтар судың келуін күтуде, дүкендер мен қоймаларда азық-түлік қоры жеткілікті. Ақтөбе мен Қостанай облысында да баға тұрақты, сонымен қатар аталған өңірлерге тауарларды жеткізу жоспарға сай жүзеге асырылуда», - деді Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін министрлік өкілі су тасқынына ұшыраған Петропавл қаласының тұрғындарына ауыз судың пойызбен жеткізілгенін мәлімдеген еді.