БҚО-ның Ақоба ауылында көгілдір отын алауын жағу салтанаты болды

None
ОРАЛ. 1 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ -  Жәнібек ауданының Ақоба ауылында 30 желтоқсан күні көгілдір отын алауын жағу салтанаты болды.

Салтанатқа жиналған жұртшылықты аудан әкімі Рыспай Өтешев, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Алмаз Бадашев құттықтады.

Аталмыш аудан бойынша табиғи газ жеткізілмеген бір ғана Күйгенкөл ауылдық округ орталығы қалды.

Соңғы үш жыл ішінде облыста жалпы ұзындығы 1071,7 шақырым газ құбыры тартылып, 68 елді мекенге, соның ішінде барлық аудан орталықтарына газ жеткізілді.

Сондай-ақ  Ақобадан басқа Теректі, Ақжайық аудандарының Жайықтың сол жағалауындағы Сарыөмір, Жанама, шалғайдағы Бөкей ордасының Бисен ауылдарына табиғи газ жетті.