Бәйтерек ауданы бас мемлекеттік санитар дәрігері Аят Үмбетәлиевтің қаулысына сәйкес мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі.
Сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кем дегенде 50 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшіру ұсынылды.
Бірінші кезекте жасы 50-де және одан асқандар қашықтан жұмыс істеуі тиіс.
Спорт жарыстарын, көрме, форум, конференция, концерт, сондай-ақ отбасылық, еске алу және басқа көп адам қатысатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.
Мониторингтік топтар жұмысы ширатылады. Коронавирустық жұқпаның кең таралуына жол бермеу мақсатында сауда, қоғамдық тамақтандыру орындарында, базарларда, демалыс базаларында, қоғамдық көлікте санитарлық-дезинфекциялық режімнің сақталуын бақылау күшейтіледі.
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша Бәйтерек ауданында жыл басынан бері 61 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында 184 баланың коронавирустан жазылғанын жазған болатынбыз.