Аудан әкімі Кәрім Жақыповтың айтуынша, 100 орындық бейімделген ғимаратымен 300 орындық қазақ орта мектебінің құрылыс құны жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес республикалық бюджет қаржысы есебінен 1,1 млрд. теңгені құрайды. Құрылысты бастауға 401,4 млн. теңге бөлінді. Бұрын Приурал ауданының орталығы болған Дариянда ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуге 214,7 млн. теңге қаралып отыр. Оған қоса Батурин, Камен және Зеленый орта мектептерін күрделі жөндеу мен қайта жаңарту үшін жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға аудандық бюджеттен 6,4 млн. теңге берілді. Сонымен қатар аудан орталығы Переметныйда 661,9 млн. теңгеге, Дариянда 217,2 млн. теңгеге ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Ауылішілік су құбырын жүргізу мен қайта құру үшін Ақжол мен Володар ауылдарына республикалық бюджеттен 100 млн. теңге, Павлов пен Дариянға облыстық қазынадан 111,6 млн. теңге қарастырылды. Владимиров, Кіші Шаған, Мирный, Кирсанов ауылдарына газ тарту үшін техникалық экономикалық негіздеме жасау үшін аудандық бюджеттен 6 млн. теңге, Факелге осындай жұмысқа жобалық-сметалық құжаттама жасауға 4 млн. теңге берілді.Елді мекендер көшелерін жарықтандыруға 73,1 млн. теңге, Переметныйда дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысын бастауға жергілікті бюджеттен 73 млн. теңге бөлінді. Ал Достық ауылында «Тұралиева А.С.» жеке кәсіпкерлігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында ауысымына 100 балдырғанды қабылдай алатын жеке балабақша салуды көзделіп отыр.«Осы қаңтар айында Елбасы Жарлығына сәйкес өтетін әкімдердің тұрғындармен дәстүрлі есептік кездесулерінде өткен жылды қорытындылап, алдағы жұмыстарды нақтылай түсетін боламыз», деді К.Жақыпов.Айта кетейік, 2016 жылы Озерный ауылында 48 орындық Киров негізгі мектеп ғимараты 217 млн. теңгеге жаңадан салынса, аудан орталығында Переметный орта мектебін күрделі жөндеуге 162 млн. теңге, тағы 8 білім ордасын ағымдағы жөндеуге 74 млн. теңге жұмсалған болатын. Рубежин ауылдық клубы күрделі жөнделсе, тағы төрт клуб ағымдағы жөндеуден өткізілді.Ауданда 31 білім ордасында бейнебақылау құралы орнатылса, 3 шағын жинақ мектебі мультимедиа жабдықтарымен қамтылды. Облыстық бюджет есебінен 20 мектепке 107 жаңа компьютер алынды.Жаңа жыл мерекесі қарсаңында бірнеше мектепке жаңа көліктер табыс етілді.Облыста Дариян мектебінен басқа биыл Орал қаласында тағы төрт мектеп бой көтеретін болады.
15:10, 01 Қаңтар 2017
БҚО-ның Дариян ауылында жаңа мектеп салынып, мәдениет үйі күрделі жөнделмек
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Зеленов ауданы Дариян ауылында биыл жаңа мектеп салынып, мәдениет үйі күрделі жөнделмек, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.