- Орал қаласындағы Шукуров көшесінде ТҚКС ретінде қайта жабдықталған гаражда өрт орын алды.
Жедел келген өрт сөндірушілер жанып жатқан гараждан екі автокөлікті эвакуациялады. Өрт 20 шаршы метр алаңда сөндірілді, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
Мамандар төтенше жағдай туындай қалса, 112 нөміріне қоңырау шалуды ескертті.