ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 10-13 наурыз күндері өңірде қар қатты ерімек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыста күннің жылынуы мен жауын-шашынның түсуіне байланысты ағын су көбейеді.
Өзендерде мұз қабаты әлсіреп, су деңгейі көтерілуі ықтимал.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.
Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті күш-құралдар дайындыққа келтіріліп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Биыл өңірде қардың шамадан тыс көп түсуіне байланысты бірнеше аудан мен Орал қаласында су басу қаупі бар аумақтар анықталып, алдын алу шаралары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын облыста тұман түсіп, көктайғақ болатыны жөнінде ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).