ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстаннан Ресейге заңсыз темекі контрабандасы дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заңсыз темекінің құны бойынша көлеңкелі айналымдағы үлесі зор.
Атап айтқанда, сарапшылардың әртүрлі деректері бойынша, мемлекеттерге жыл сайын контрафактілі темекі саудасынан төленбеген салықтар түрінде 35-тен 40 миллиард долларға дейін залал келтіріледі.
Қаржылық мониторинг Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері шетелге акциздік маркалары жоқ темекі бар автокөлікті заңсыз шетелге шығару кезінде ұстады.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2020 жылы жеке кәсіпкер А.Махмудов Алматы қаласында 319 мың қорап акцизсіз темекі сатып алған.
Ол темекі өнімдерін автокөлікке тиеп, Батыс Қазақстан облысы арқылы Ресей Федерациясына жіберген.
Сонымен қатар, заңсыз әрекеттерді жасыру мақсатында ол акциздік маркалары бар 24 мың қорап темекіні сатып алып, оларды автокөліктерге салған.
А.Махмудовқа 2,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Акцизделмейтін темекі өнімдері жойылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).