ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қайғылы оқиға кеше сағат 17.20-да Сырым ауданы аумағында болды.
«Самара-Шымкент» жолының 401-шақырымында «Хонда Элизион» автокөлігінің алдыңғы доңғалағы жарылып, аударылған.
Соның салдарынан 39 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
34 жастағы жүргізуші, сондай-ақ төрт қытайлық азамат түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы (4 қызметкер, 1 техника) және 15 жол-патрульдік полиция қызметкері 5 көлікпен барды.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, 33 және 53 жастағы қытайлық азаматтар ауруханаға жатудан бас тартты. 34-тегі жүргізуші мен 49 және 53 жастағы қытайлық жолаушылар облыстық ауруханаға жатқызылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).