ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 30 адамды алып бара жатқан автобус жол жиегіндегі жыраға түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 22 қаңтар күні сағат 05.00-де «Орал-Атырау» жолының 76-шақырымында Ақжайық ауданы Бударин ауылы маңында болды. DAEWOO маркалы автобус жыраға түсіп кеткен. Автобуста 30 жолаушы болған, оның төртеуі - балалар.
Жолаушылар түгелдей басқа автобусқа отырғызылды. Зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ осы күні сағат 05.30-да Ақжайық ауданы аумағында «Чапаев-Қазталов» жолының 5-шақырымында жыраға құлап кеткен «Фольксваген Шаран» көлігі шығарылды.
Айта кетейік, жыл басынан БҚО-да 148 автокөлік қар құрсауынан шығарылып, 204 адам құтқарылды. 99 адам эвакуацияланды.
Осы күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты Батыс Қазақстанда автожолдар жабылуда.
Қазіргі кезде жолдардың барлығы ашық.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).