ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында алаяқтықпен айналысқан 42 жастағы тұрғын ұсталды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш алаяқ өзін құрылыс саласының маманы, пәтерлердің иесі немесе делдал ретінде таныстырып, пәтерлерді сатып, ресімдеумен айналыса отырып, облыс тұрғындарының ақшалай қаражатын иемденген.
«Атап айтқанда, Жаңақала ауданының тұрғыны алаяққа 30 млн теңгесін аударып жіберген. Ал Орал қаласының тұрғыны үйді ресімдеу үшін 27,8 млн теңгесін берген. Облыс тұрғындарына келтірілген жалпы залал көлемі 100 млн теңгеден асады. Алаяқтық деректері негізінде 7 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО полиция департаменті қырағы болу, бейтаныс және тексерілмеген адамдарға сенбеу керектігін еске салады», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 67 жастағы зейнеткер әйелді өлтірген күдікті көршісі болып шыққанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).