Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотта сотталғанның бір жылдан астам уақыт бойы кәмелетке толмаған баласын асырау жөніндегі сот шешімін орындаудан жалтарғаны анықталды. Нәтижесінде алимент бойынша 4 млн теңге көлемінде берешек қалыптасқан.
Бұған дейін борышкер осыған ұқсас құқықбұзушылық үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылып, алайда рақымшылық актісін қолдануға байланысты жазадан босатылған. Соған қарамастан, істеген ісінен тиісті қорытынды жасамай, ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтаруын жалғастырған.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Биылғы 4 айда Батыс Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты ҚК-нің 139-бабы бойынша 21 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде: 7 іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған; 5 іс бойынша айыптау үкімдері шығарылған; қалған қылмыстық істер өндірісте.
Осыған байланысты прокуратура сот шешімін орындамау үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салады
Осыған дейін Семейде баласына 5 млн теңге алимент төлемеген ер адам сотталған болатын.