БҚО тұрғындарының жартысынан көбі екпе салдырды
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, бұл – облыс бойынша егілуге тиісті тұрғындардың (360 мың) 61,8 пайызы.
Сондай-ақ 198 930-ы (55,3 пайызы) екінші компонентті де салдырды.
Аумақтық бөліністер бойынша егілу жөнінен Жәнібек (бірінші компонент – 76,7 және ІІ компонент – 69,7 пайыз), Тасқала (71,1 және 64,6 пайыз) аудандары алда келеді.
Орал қаласында 215 461 адам егілуге тиіс болса, соның 116 432-сі (54,0 пайыз) бірінші, 104 597-сі (48,5 пайыз) екінші компонентпен егілді.
Облыста 66 егу кабинеті жұмыс істейді.
Департамент мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері 28 447 адамнан коронавирус анықталды.
Қазанның үш күнінде 196 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды.
Соңғы аптада (27 қыркүйек – 3 қазан) алдыңғымен (20-26 қыркүйек) салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 10,6 пайызға (462-ден 413-ке) төмендеді.
Облыс қазіргі кезде сары аймақта тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да соңғы төрт тәулікте 250-ден астам адамнан коронавирус табылғанын жазған болатынбыз.