ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны 172 дана киік мүйізін қораға көміп тастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жедел іздестіру шаралары барысында Жаңақала ауданының 33 жастағы тұрғыны ұсталды.
Ол 172 дана киік мүйізін өз үйінің ауласындағы қораға көміп, жасырған.
Аталған дерек бойынша Жаңақала ауданы полиция бөлімі ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Департамент бастығы Мақсұтхан Аблазимовтың тапсырмасына сәйкес осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында жедел тергеу тобы құрылды.
Жыл басынан бері өңірде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды заңсыз аулауға қатысты 29 қылмыс ашылған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда киік атқан тұрғындар сотталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).