ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған ауылында тұратын 32 жастағы Андрей Щука 26 маусым күні үйінен шығып кеткеннен оралмаған.
Оның жоғалып кеткені жөнінде туыстары әлеуметтік желілерге хабар берген. Ал полицияға 1 шілде күні ғана жүгінген.
Қазіргі кезде А.Щуканы іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Қандай да бір ақпаратқа ие азаматтар 8-747-379-14-79, 8-778-206-13-31 немесе 102 телефонына хабарласа алады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).