Бұл туралы ақпаратты ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«2017 жылдың 2 қарашасы күні «Охотзоопром ӨБ» РМҚК Орал аймақтық филиалының Қазталов тірек пунктінің инспекторлары БҚО ІІД қызметкерлерімен, СҚО ІІД табиғат қорғау жөніндегі полиция қызметкерлерімен бірге рейд жүргізген. Рейд барысында сағат түнгі 03:00 шамасында Орал - Атырау тас жолында «Лада Калина» маркалы автокөлік тоқтатылған. Онда отырған Орал қаласының тұрғынының автокөлігін тексеру барысында қапқа салынған киіктің 80 мүйізі табылды», - делінген хабарламада.
Аталған іс бойынша материалдар БҚО ІІД-не тергеу жүргізу үшін тапсырылды.
«Қосымша ақпарат кейін хабарланатын болады», - дейді Сәкен Ділдахмет Фейсбук парақшасында.