ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйдегі өрттен кейін үш адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Теректі аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Дүйсенғалиевтің сөзіне қарағанда, оқиға аудан орталығы Федоров ауылында 21 желтоқсан күні болған.
Сағат 23.00 шамасында Межколхозная көшесі 2/2 мекенжайында тұрғын үйдің өртеніп жатқаны жөнінде хабар түскен.
Өрт сөндірілген кезде оқиға орнынан зорлықпен өлтірілген екі әйел және бір ер адамның мүрдесі табылды.
Қылмыстың ізі суымай, 22 желтоқсан күні сағат 03.00 шамасында 45 жастағы азамат ұсталды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағына (екі немесе одан көп адамды өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, қолға түскен ер адам бұрын осы үйде тұрған. Үй иесі - әйелмен азаматтық некеде болған. Күдікті үш адамды өлтіріп, өртеп жіберген.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).