ОРАЛ. ҚазАқпарат - 15 тамыз күні Ақжайық ауданы Чапаев ауылында 1970 жылғы тұрғын өзінің ауласында жер қазып жатып, жарылғыш зат тауып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен. Табылған жарылғыш заттың Азамат соғысы кезінен қалған снаряд екендігі анықталды. Оның ұзындығы 32 см, диаметрі 7,5 см.
Қауіпсіздік шаралары қолға алынып, арнайы мамандардың қатысуымен снаряд залалсыздандырылды.
Айта кетейік, облыс аумағында Азамат және Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған снарядтар бұдан бұрын да бірнеше рет табылған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).