Black Sabbath тобының әншісі Оззи Осборн қайтыс болды
АСТАНА. KAZINFORM – Black Sabbath тобының солисті және вокалист Оззи Осборн 76 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Kazinform ВВС-ге сілтеме жасап.
– Таңертең Оззи Осборн қайтыс болды. Бұл жайсыз хабарды естірту бізге оңайға соқпады. Ол өмірінің соңына дейін отбасымен бірге болды және жанұя махаббатына бөленді, - делінген хабарламада.
Бастапқыда Бирмингемнен (Англия) келген Оззи Осборн және оның Black Sabbath тобы 1970 жылдардың басында ауыр металл стилінің негізін қалаушылардың бірі ретінде танымал болды және рок-музыка тарихындағы құбылыстардың бірі саналды.
1979 жылы маскүнемдік пен есірткі үшін Black Sabbath тобынан шығарылған Оззи 100 миллионнан астам альбом сатты және оның есімі Американың Рок-н-ролл Даңқ Залына енді.
Екі апта бұрын Оззи мен Блэк Саббат туған қаласы Бирмингемдегі Вилла саябағындағы стадионда концерт өткізді.
Дереккөздерге сүйенсек, Оззи Паркинсон ауруынан зардап шеккен.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлыбритания ханзадасы Уильям мен Гарридің 20 жастағы туыс қарындасы Рози Рош өлі күйінде табылғанын хабарлаған едік.