АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясының президенті Йозеф Блаттер Бразилия өтетін ӘЧ финалдық турниріне қатысатын 32 командаға сәттілік тіледі, деп жазады шетелдік БАҚ.
Футболдан ХХ ӘЧ санаулы сәттерден соң басталады. Сан-Паулу қаласында өтетін тұсау кесер ойында А тобындағы алаң иелері Бразилия құрамасы Хорватиямен кездеседі. Әлем біріншілігі шілденің 13-не дейін жалғасатын болады.
"Бүгін Бразилия және Хорватия командалары ӘЧ шымылдығын ашады. Барлық 32 командаға сәттілік тілеймін. Бразилияға қолдау білдіргені алғысым шексіз. Мен турнирдің басталуын тағатсыздана күтудемін", - деп жазды Блаттер өзінің твиттердегі парақшасына.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.