— Негізгі құралдардың бірі — мемлекеттік білім беру тапсырысы. Оның арқасында қаржыландыру білім беру ұйымының меншік нысанына қарамастан балаларды оқытуға бағытталады. Бұл сапалы білімге қолжетімділікті кеңейтуге, қосымша оқушы орындарын құруға және білім беру инфрақұрылымын дамытуға жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.
Маңызды кезеңдердің бірі — мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру жүйесін цифрландыру болды. 2025 жылдан бастап қаржыландыру үдерістерін цифрлық форматқа көшіру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Оның мақсаты — бюджет қаражатын бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету, білім алушыларды есепке алудың дәлдігін арттыру және мемлекеттік қаржыландырудың пайдаланылуына бақылауды күшейту.
— Бүгінгі күні жоба аясында e-Qazyna платформасында 6 325 мектеп цифрландырылды, оның ішінде 5 443-і мемлекеттік мектептер. Осылайша, цифрлық жүйе тек мемлекеттік емес, сонымен қатар мемлекеттік білім беру тапсырысын жүзеге асыруға қатысатын жекеменшік білім беру ұйымдарын да қамтиды. Жаңа тетіктерді енгізу білім алушылар контингентін есепке алуды автоматтандыруға, деректерді қалыптастыру кезінде адами фактордың әсерін азайтуға және білім беру ұйымдары арасында бюджет қаражатын объективті бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігі артып, елдегі мемлекеттік те, жекеменшік те білім беру инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін қосымша жағдайлар жасалады, — деп хабарлады Үкіметтен.
Айта кетейік, үш ауысымды мектептер азайып, балабақша кезегі қысқарды.