Оның ішінде 5 іспен процеске қатысушы тұлғалар танысуда, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 істі облыс прокуратурасы сотқа жіберді.
Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 млрд теңге мүліктеріне тыйым салынды.
Бұған дейін Антикор білім саласында жемқорлық фактісі жиі тіркелетін өңірлерді атаған еді.