Білім саласындағы жемқорлықпен күрес: күмәнді төлемдер бұғатталады

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Енді мектептердегі қаржылық төлемдерге онлайн-мониторинг жүргізіледі. Ол туралы толығырақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтып берді. 

— Педагогтардың еңбекақы қорынан миллиардтаған қаражаттың ұрлануы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Оқу-ағарту министрлігі және Қаржы министрлігімен бірлескен шаралардың нәтижесінде тәуекелді басқару жүйесі енгізіліп, бірыңғай бұлтты бухгалтерия құрылып жатыр Күмәнді төлемдерге (соманың артық көрсетілуі, жеке және банк деректерінің бұрмалануы) онлайн-мониторинг жүргізіліп, яғни Қазынашылық органдары салыстырады, негізсіз төлемдер бұғатталады, — деді Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, цифрлық шешімдер мектептердің бухгалтерлік есеп жүйесін бірыңғай етуге мүмкіндік берді.

— Бұл еңбекақы қорынан ұрлықты толығымен жойып, «өлі жандар» алаяқтық әрекетіне жол бермейді. Осы тәсілді жыл соңына дейін денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, туризм, экология және басқа да салаға енгізу жоспарланып отыр, — дейді ол.

Еске салсақ, 2024 жылы Антикор білім саласында жемқорлық жасау фактісі бойынша 302 қылмыстық іс тіркеді