Блогерлер бәйгесі: Ең үздік видео үшін жүлде - 1 млн теңге

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы «Жастар жылы» аясында «A kind heart» қоғамдық бірлестігі «I’m from Qazaqstan» атты видеороликтер бәйгесін ұйымдастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бәйге шартыбойынша қатысушылар туған қалалары немесе ауылдары туралы қысқаша видеороликтүсіруі керек. Өз туындысында туған жері туралы, оның қызықты немесе маңыздыжерлері туралы баяндап, туған жерінің туристер үшін қандай қызықтары бар туралыайтып беруі қажет», делінген хабарламада.

Ең үздік видеороликавторы бас жүлдеге 1 млн теңге алады, екінші орын иесі – 500 мың теңге,ал үшінші орын иесі – 300 мың теңге алады. Бәйге қорытындысы бойыншафиналға жеткен қатысушылар Қазақстандағы YouTube компаниясының ресми өкіліменкелісімшартқа отырып, өз арналарының даумына қатысты мамандардың кеңестеріналады.

Бәйгенің мақсаты –Қазақстанда видео блог саласын дамыту, жаңа таланттарды ашып, дарынды жастардықолдау және Қазақстандағы туризм туралы қызықты видеоақпарат санын арттыру.

Жеңімпаздардықұттықтау салтанатты рәсімі 24-25 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін«Қазақстанды аша отырып» атты халықаралық блогерлер форумында өтеді.

Жарысқа қатысатынжұмыстар тамыздың 12-ші жұлдызына дейін қабылданады. Бәйгеге жасы 18-ге толғанеліміздің барлық азаматтары қатыса алады.

Байқау туралы толықақпаратты сайттан білуге болады.