Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, елде заңды орындау үшін қажетті техникалық инфрақұрылым толығымен әзір. РФ президенті 2014 жылдың 5 мамырында «антитеррорлық пакет» аясында қол қойған заң арқылы алғаш рет ресейлік заңдарға «блогер» ұғымы енгізіліп отыр. Оған сәйкес, блогер - ғаламтордағы жеке парақшасына көпшілікке қолжетімді бұқаралық ақпаратты жариялайтын тұлға. Тәулігіне жазбаларын 3 мың адам оқитын блогерлер Ресейдің қадағалау комитетінің тізіліміне енгізілуі тиіс, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
06:02, 01 Тамыз 2014
Блогерлер туралы заң күшіне енеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде танымал блогерлердің қадағалау комитетінің тізіліміне тіркелуі мен оларды жартылай журналистер санатына жатқызуды қарастыратын заң күшіне енеді.