Bloomberg: темір кені бір күнде 19%-ға қымбаттады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрамында 62% темірі бар темір кені дүйсенбі күні 19%-ға қымбаттап, бір тоннасының құны $63,79 жетті, деп хабарлады «ТАСС» «Bloomberg» агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік ақпаратынша, бұл 2009 жылдан бағаның ең көп көтерілуі болған. Сейсенбі оның құны 0,2% арзандап, тоннасының бағасы $63,63 жетті.

Қытай нарықтың жоғары сегментінде кенге деген сұраныстың артуын болжағаннан кейін оның бағасы өскен.

Бағаның рекордтық өсімі аясында әлемдегі кенді өндірушілердің ірілерінің бірі бразилиялық Vale SA компаниясы Fortescue Metals Group-пен келісімге қол қойды. Бұл келісім бразилиялық компанияның миллиардер Эндрю Форрестке тиесілі Австралиядағы шахталардың 15% иелік етуіне мүмкіндік береді.

Форрест кәсіпорнының бір бөлігін сатып алуы үшін Vale SA $965 млн жұмсауы мүмкін, деп хабарлады Bloomberg. Ол қатысушыларға бірлескен кәсіпорындар құрып, жаңа кен орындарын құруға жағдай жасайды.

Vale SA және Fortescue бірінші кәсіпорны жарты жыл ішінде жұмысқа кірісіп, шамамен 80-100 млн тонна кенді жеткізуі мүмкін, деп жазды ТАСС.