BMW гибридті спорткарды таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - BMW i8 гибридті спорттық автокөлігі таныстырылды.

Бензинді қозғалтқыш пен электрлі жетектің үйлесуі арқылы көліктің ат күші 362-ге жеткізілді. Атап айтқанда ол 100 шақырымға небәрі 2,1 литр жағармай жұмсайды екен.

Көлік салоны берік углепластиктен жасалған. Мұнымен қоса машинаның құрылысында алюминий, магний мен жұқа шынының пайдаланылуы оның салмағын өте жеңіл етті.

Жаңа BMW 100 шақырым/сағат жылдамдыққа 4,4 секундта жетеді.

BMW i8 құны 126 мың еуродан басталады, ал қосымша ақыға жалпақ шина мен лазерлі жарық құрылғыларын орнатуға болады, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.