2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Bnews.kz порталында электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінің өзекті мәселелеріне арналған он-лайн конференция өтеді

АСТАНА. Мамырдың 22-сі. ҚазАқпарат - Мамырдың 24-інде Bnews.kz порталының студиясында (www.bnews.kz) электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінің өзекті мәселелеріне арналған он-лайн конференция өтеді.

Онда «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС Басқарма Төрағасы Сұлтанжан Ахметов пен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алулар әдістемесі департаментінің директоры Гүлжан Әмрина мемлекеттік сатып алу жүйесін енгізудің барысы, оның ағымдағы жағдайы мен перспективалық дамуы туралы әңгімелеп береді.